Оқу-ағарту министрі елордалық мектепте алғашқы қоңырауға қатысты

0
322
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов

1 қыркүйек – Білім күні. Бүгін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов № 86 мектеп-гимназиясында өткен алғашқы қоңырау шарасына қатысты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Мерекелік іс-шараға № 86 мектеп-гимназиясының ұжымы, оқушылары, ата-аналары және оқу-ағарту министрі қатысты. Алғашқы қоңырау, министр Асхат Аймағамбетов пен мектеп директоры Базаргүл Сыздыкованың сөз сөйлеуімен басталды.

№ 86 мектеп-гимназиясының директоры Базаргүл Сыздыкова

Білім күніне орай келген қонақтар шара барысында оқушылардың әнін тыңдап, биін тамашалады. Ал ата-аналар бірінші сынып оқушыларына әліппе қайта енгізілгене және ағылшын тілі сабағы алып тасталғанына қуануда.

“Әліппені енгізіп, ағылшын сабақтарын алып тастады. Балалардың бұрынғыдан қарағанда деңгейлерін көтерді. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Барлық сабақты қиын деп айтуға болмайды. Бала оқыса ары қарай өзі алып кете береді”, – дейді алғашқы қоңырауға келген ата-ана.

Ал ұстаз-психологтың айтуынша өзін-өзі пәнінің мектеп бағдарламасынан алынып тасталуы қиындық тудырып жатыр.

“Ұстаздарға оң көңіл бөлініп жатыр. 5 күндік. Екі күн балаларымен бірге болуында оң өзгеріс деп қараймыз. Өкінішке орай өзін-өзі тану пәнін алып тастады. Бұл қиын мәселе болып тұр. Дегенмен де білім басқармасы шешімін табуда”, – дейді № 86 мектеп-гимназиясының психологы Темірхан Ләззат.

Министр Аймағамбетов журналистерге берген сұқбатында жалпы Республика бойынша мектептердің жағдайына, үш ауысымдық мектептерге және 5 күндік форматына тоқталды.

“Биылғы жылы жалпы Республика бойынша 7600-ден астам мектеп жұмысын істейді. Соның ішінде 30-ға жуық мектеп апаттық жағдайда тұр. Оларды алмастыру және жаңа мектептер салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдыңғы жылы 277 мектеп салынып бітті. Биыл 260-қа жуық мектепті аяқтаймыз. 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу мақсаты тұр. Соның арқасында апатты жағдайдағы мектептер және үш ауысымды мектептер проблемасы шешілетін болады. Қазіргі уақытта 3 миллионнан астам оқушымыз бес күндік форматына көшейін деп жатыр. Бірақ үш ауысымдық мектептер бұндай форматқа көше алмайды. Өйткені ол білім беру сапасына әсер етеді”, – дейді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

№ 86 мектеп-гимназиясына биыл 336 бірінші сынып оқушысы келген. Мектеп биыл үш ауысымдық форматта оқиды. Себебі кабинеттер саны шектеулі.

“Өткен жылы 9 бірінші сынып болса, биыл ол сан 11-ге өсті. Әр сыныпта бала саны 28-30-бен шектеліп отыр. Қазіргі таңда 2683 оқушы бар. Бірінші сыныптың өзіне 336 оқушы келді. Үш ауысымға ауысамыз. Себебі кабинеттер саны жетіспейді”, – дейді мектеп директоры Сыздыкоа Базаргүл.

Мектеп директоры оқушылардың тәрбиесіне, құндылығына қатты назар аударатынын жеткізіп, оны қалай жүзеге асырып жатқанын айтты.

“Біз балаларды қазақи құндылықтарға тәрбиелейміз. Мектебімізде жыл бойы жасалып жатқан 12 түрлі үйірме жұмыстары бар. Бізде қышпен жұмыс істейді, тігін бар, қолөнер бар, асық ату бар, тоғызқұмалақ бар. Қазақтың нағыз қазынасын осы шаңырақтың астында балаларға үйретіп жатырмыз”, – дейді Сыздыкова Базаргүл.

№ 86 мектеп-гимназиясының оқушылары
Білім күні

№ 86 мектеп-гимназиясының оқушылары

№ 86 мектеп-гимназиясының оқушылары
№ 86 мектеп-гимназиясының оқушылары

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз