Қаңтар оқиғасының қатысушыларына бір реттік рақымшылық жасалады

0
229
Photo: Vladimir Tretyakov

1 қыркүйек күнгі жолдауында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы қатысушыларына бір реттік рақымшылық жасалатынын айтты.

“Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым” деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, бұл рақымшылыққа тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқан басты күдіктілер, сонымен қатар мемлекетке опасызсыздық жасау және билікті күшпен басып алуға айыптылар жатпайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз