16 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі Саммитінің шағын құрамдағы отырысы басталды.
Ұйымға мүше мемлекеттер: Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан, Пәкістан, Иран, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан.
Жиында бақылаушы ретінде Беларусь және Моңғолия мемлекеттері қатысып жатыр.
Ал Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан және Армения басшылары құрметті қонақ ретінде шақырылған.