Путин Украинадан жаулап алған аймақтарды аннекциялау туралы заңға қол қойды

0
136
Ресей президенті Владимир Путин.

5 қазан күні Ресей президенті Владимир Путин орыс әскерінің Украинада жаулап алған Донецк, Запорожье, Луганск облыстарын және Николаев пен Херсон облыстарының бір бөлігін Ресей құрамына қосу туралы келісімге, Ресей құрамына төрт жаңа субъектіні қабылдау туралы конституциялық заңдарға қол қойды.

Бұған дейін федерация кеңесі Украинаның бес аймағын Ресей құрамына қосуды ратификациялаған. Украина аумағын аннексиялауды барлық палата мүшелерінің басым бөлігі: 170 депутаттың 153-і қолдаған.

Мәскеу Украинадан жаулап алған және сепаратистер бақылауындағы аумақта 23-27 қыркүйекте өткізген референдумды алға тартып, аталған аумақтарды аннексиялауын сонымен түсіндіреді. Украина мен көптеген ел оны псевдореферендум деп атап, оның халықаралық нормалар мен Украина заңнамасына қайшы екенін, сәйкесінше нәтижесін де мойындамайтынын мәлімдеген.

Ресей билігі “аннексиялап алдық” дейтін Украина территорияның едәуір бөлігін бақыламайды. Киев ол жақта контршабуылдың сәтті жүргізіліп жатқанын хабарлап, оларды азат етуге күш салып жатыр.

Жақында Украина президенті Владимир Зеленский Украина аймақтары туралы Путин жарлығын маңызсыз деп тануды талап еткен жарлыққа қол қойған. Құжатта аннексияланған облыстар ғана емес, Қырым да бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз