Физика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

0
427
Физика бойынша Нобель сыйлығының иегерлері. Photo: physicsworld

Физикадан 2022 жылғы Нобель сыйлығы француз ғалым Ален Аспеге, америкалық физик Джон Ф.Клаузерге және австриялық физик Антон Цайлингерге берілді. Сыйлық иегерлерінің есімі Стокгольмдегі марапаттау рәсімінде жарияланды.

“Биыл Нобель сыйлығы “шатысқан фотондармен эксперименттер, Белл теңсіздіктерін бұзу принципін белгілеу және кванттық ақпарат туралы ғылымды құрудағы біріншілік” үшін берілді”, – деп жазылған Нобель комитетінің хабарламасында.

Нобель сыйлығы туралы

Нобель сыйлығы – бұл жұмысы қоғамға пайдалы болған адамға берілетін сыйлық.

Сыйлық динамитті ойлап тапқан щвед ғалымы Альфред Нобельдің есімімен аталады.

Сыйлық алты санат бойынша беріледі: физиология немесе медицина, физика, химия, әдебиет, экономика және бейбітшілікті насихаттау.

Айта кетейік 3 қазанда медицина бойынша Нобель сыйлығының иегері анықталған болатын.

Дәстүрлі Нобель апталығы дүйсенбіде медицина саласындағы лауреаттарды жариялаудан басталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз