«Хмеймим базасына шабуыл Түркия бақылауындағы аймақтан жасалған»

0
84

Ресей Федерациясының (РФ) Қорғаныс министрлігі 6 қаңтарға қараған түні Ресейдің Хмеймим мен Тартустегі әскери нысандарына жасалған шабуылдың Идлиб дэескалация аймағынан бағытталғанын мәлімдеді.

Орыс Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ұшақтарды іске қосу «Идлиб» деэскалация аймағының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан қалыпты оппозиция деп аталатын қарулы құрылымдар тарапынан бақыланатын Муаззар кентінің аумағынан басталған, деп жазады MK Turkey.

Осы жағдайға байланысты ресейлік әскери ведомоство Түркияның Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Акар Хулуси мен Ұлттық барлау ұйымының жетекшісі Хакан Фиданға хат жолдады.

«Құжатта кез келген нысан бойынша «Идлиб» деэскалация аймағында ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуылдарының  жолын кесу үшін бақылау бекеттерінің жұмысын белсендіру және қарулы құрылымдар бақылауында қарулы қақтығыстарды тоқтату режимін сақтауды қамтамасыз ету бойынша Анкараның өз міндеттерін орындау қажеттігі көрсетіледі». Атап өтерлігі, Сирия мәселесі бойынша Астана процесінде кепіл елдер (Ресей, Иран, Түркия) тарапынан келісілгендей, Сирия Араб Республикасы аумағындағы Идлиб деэскалация аймағының ішкі қауіпсіздігіне Түркия, ал сыртқы қауіпсіздігіне Ресей жауапты.

Бұған дейін ведомоства хабарлағандай, 6 қаңтарға қараған түні Хмеймим мен Тартуста орналасқан Ресей әскери нысандарына лаңкестер бағыттаған ұшақтардан шабуыл жасалған.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз