Украина президенті Владимир Зеленскийді Ұлыбританияның Financial Times басылымы “Жыл адамы” деп атады.
Газет Зеленскийді “украин халқының Ресей агрессиясына қарсы күресіндегі ерлігі мен төзімділігінің бейнесі” деп санайды. Financial Times Украина президентін “авторитаризммен күрестегі демократиялық әлемнің флагманы” деп сипаттаған.
Биыл 24 ақпанда Ресей күшпен басып кіргенде Киевтен кетпей қалған Зеленский “Мен батыр емеспін, бірақ халық алдында жауаптымын. Адамды сатып кеткенді жек көремін ” деп түсіндірген.
Былтыр Financial Times басылымы “Жыл адамы” деп миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының жетекшісі Илон Маскті атаған.