4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Жарлық бойынша оқу-ағарту министрі болып Бейсембаев Ғани Бектайұлы тағайындалды. Ол бұған дейін 2022 жылы Ғылым және білім вице-министрі одан кейін оқу-ағарту вице-министрі болып жұмыс атқарған.