Павлодар қаласының орталығы Кутузов – Толстой көшелерінің қиылысында жолаушылары бар трамвай өртеніп кетті. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
«Трамвай басқармасы» АҚ баспасөз хатшысы Тимфоей Голевтің айтуынша, оқыс жағдай таңертең Кутузов – Толстой көшелерінің қилысында 8:12 шамасында орын алған.
Тимофей Голев: «Бүгін Депо бағытына қарай жүрген №11 вагон істен шығып отқа оранған», – дейді.
Трамвайда төтенше жағдай кезінде жолаушылар болған. Олар дер кезінде вагоннан шығып үлгерген. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Сағат 9:20 кезінде қозғалыс қайта қалпына келтірілді. Ал, қызыл жалынның астында қалған вагонды Трамвай басқармасына тіркеп алып кетті. Жақын арада өрттің себебі анықталатын болады.
Павлодар облыстық Төтенше Жағдайлар Департаменті (ТЖД) ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қызыл жалын аумағы 30 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 16 өрт сөндіруші жұмыс істеп, үш техника жұмылдырылды.