ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма

0
144
ҰБТ тапсырып отырған талапкерлер. Photo: Gylym_Jogary_bilim

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде калькулятор пайдалану ережені бұзу екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

“ҰБТ-ға өзіңізбен бірге калькулятор алып кірудің қажеті жоқ. Бұл әрекет ереже бұзу фактісі болып саналады. Қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы ҰБТ мен негізгі ҰБТ-да (мамыр-маусым) калькулятор тестілеу компьютерінде болады. Айта кетейік, сіздер калькулятордан бөлек компьютер экранынан Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесін, Бекетов тізбегін таба аласыз”, – делінген орталық хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қазақстанда биылғы ҰБТ тапсыру науқаны басталып кетті. Қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуде 57 мың адам тест тапсырған.

Оның ішінде түлектердің 74% – қазақ тілінде, 25% – орыс тілінде, 37 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ басталғалы шекті балды 78% жуық талапкер жинаған. Орташа балл – 70.

​Айта кетейік, талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады.

Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз