Әлем сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әлсіздік танытып жатыр: Transparency International компаниясының 2022 жылғы есебі

0
232
photo: inform.kz

Transparency International компаниясының 2022 жылғы есебіне сәйкес, әлемдегі елдердің көп бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ауқымды нәтижеге қол жеткізе алмаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Халықаралық компания елдерді 0 “жемқор” мен 100 “таза” деген индекс шкаласы бойынша бағалаған. Зерттеу бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен Дания(90 ұпай) одан кейін Финляндия мен Жаңа Зеландия (87 ұпай) болды.

180 елдің ішінде ең төменгі орынды 12 ұпаймен Сомали еншілеген. Одан сәл жоғары көрсеткіште Оңтүстік Судан мен Сирия 13 ұпайды бөлісіп тұр.

Негізінде статистика бойынша батыс елдері ұпайы жоғары болып келген. Алайда кейбір батыстық елдерде ұпайдың төмендеуі байқалады.

“Сыбайлас жемқорлық біздің әлемді қауіпті орынға айналдырды. Үкіметтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ілгерілей алмайтындықтан, олар зорлық – зомбылық пен қақтығыстардың өсуіне ықпал етеді және барлық аймақта адамзатқа қауіп төндіреді”, – дейді Transparency International президенті Делия Феррейра Рубио.

Англияның көрсеткіш индексі бес ұпайға азайып 73 орынға дейін төмендеген. Осылайша тарихтағы алғаш антирекордына ие болған Англияның халқының, саясатқа деген сенімі азайып бара жатқаны да айтылған.

Швейцария 82 ұпаймен, ал Нидерланды 80 ұпаймен жоғарылағанымен, бұл елдер “адалдық пен лоббизм ережелерінің нашарлығынан” құлдырау байқалғаны атап өтілді.

Зерттеуде сыбайлас жемқорлық Шығыс Еуропада өршіп тұрғаны және көптеген елдерде тарихи антирекорд орнап жатқаны жазылған.

Ресей 137-ші орында

Баяндамада Ресейдің Украинаға басып кіруі, сыбайлас жемқорлық және Үкімет есебінің болмауы жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретіні ерекше атап өтілген.

Ресей 28 ұпаймен 137 орынға төмендеген. Ресейдегі клептократтар президент Владимир Путинге тиімді мемлекеттік сатып алу және олардың экономикалық мүдделерін қорғау үшін адалдық уәде етіп, орасан зор байлыққа кенелген.

“Путиннің билігін бақылаудың болмауы оған өзінің геосаяси амбицияларын жазасыз қудалауға мүмкіндік берді. Бұл соғыс Еуропа континентін тұрақсыздандырып, демократияға қауіп төндірді және ондаған мың адамның өліміне әкелді”, – делінген хабарламада.

Ал, Украина соғысқа дейін 33 ұпаймен 116-шы орынды иеленген еді. Алайда жемқорлыққа қарсы реформалар ұйымдастырғанымен соғыс аяқталғаннан кейін Украинаны қайта қалпына келтіруге бөлінетін ақшаның жымқырылуы мүмкін деген шешім шығарылған.

Түркияның кейінгі 9 жылда ұпайы төмендеп келеді

Transparency International сыбайлас жемқорлық туралы есебіне сәйкес, Түркияның рейтингі 2013 жылдан кейін төмендей бастаған. Сол кездегі 50 ұпай 2014 жылы 45-ке, 2015 жылы 42-ге, 2016 жылы 41-ге және 2017 жылы 40-қа дейін түскен. Бағалау 2021 жылы 38 және 2022 жылы 36 ұпай болғанын мәлімдеген.

Қазақстан, Албания, Таиланд, Шри-Ланка, Сербия, Перу, Панама, Эквадор елдері де Түркиямен бір дәрежеде орналасқан. Яғни 180 елдің ішінен 101-ші орында тұр.

Тек қана 8 елде алға жылжу байқалады

Өткен жылы тек сегіз ел сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте прогреске қол жеткізген. Оның ішінде Ирландия 77 ұпай, Оңтүстік Корея 63 ұпай, Армения 46 ұпай және Ангола 33 ұпай иеленген.

1995 жылдан бастап жасалған Индекс 13 түрлі деректер көздерін қолдана отырып есептеледі. Дерек көздер Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік экономикалық форум және тәуекелдер мен кеңес берумен айналысатын жеке фирмалар есебі бойынша жиналған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз