Семей кәсіпкерлеріне жылуға қосылудан заңсыз бас тартылған

0
99
Семей қаласы. Photo: el.kz

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері «жылу берушілер» тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды анықтаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Мәселен, бизнесмендердің өтініштерін зерделеу барысында «Теплокоммунэнерго» МКК екі жыл бойы құрылыс объектілерін қаланы жылумен жабдықтау желісіне қосуға техникалық шарттар беруден заңсыз бас тартқаны анықталды.

Бас тартуға қалалық жылу желісінің өткізу қабілетінің болмауы деген себеп болған.

Бұл ретте, материалдарды зерделеу барысында «Теплокоммунэнерго» кейінірек жүгінген басқа кәсіпкерлерге жылуға қосылуға рұқсат бергені анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіпорын басшылығымен және өтініш білдірген кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өткізді. Екі күннен кейін Теплокоммунэнерго дәріханаға және азық-түлік дүкеніне жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық шарттар берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз