20 ақпан кешкі уақытта Түркия мен Сирияның шекарасында жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Зілзала Түркияның Хатай қаласында екі мәрте болған. Біріншісінде 6,4 балдық одан үш минуттан кейін 5,8 балдық жер сілкінісінен қаладағы ғимараттар қирап, жарақат алған адамдар мен қайтыс болғандар саны артты.
Түркияның табиғи апат және төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша 3 адам қайтыс болып, 213 адам жарақат алған. Жер сілкінісі 16,7 км тереңдікте болған.
Бұдан бөлек билік теңіз деңгейінің 50 см-ге көтеріліп, цунами болу қаупі барын жариялап, жағалаудан ұзақ болуға шақырған.
Қазіргі таңда қираған ғимараттардың астында қалған адамдарды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.