Қазақстанда жеке кәсіпкер үшін бірыңғай төлем енгізілді

0
146
Photo: inbusiness.kz

1 қаңтардан бастап Қазақстанда микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс берушілер үшін бірыңғай төлем енгізілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бұл жұмыс берушілерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Дара кәсіпкерлер бірыңғай төлемді есепті келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге тиіс.

Бірыңғай төлем бұрын қолданыста болған 34% – дан еңбекақы төлеу қорына жиынтық жүктемені төмендету және төлеушінің тек өзінің жалдамалы жұмыскері үшін жеке табыс салығын және белгіленген мөлшерлемеден төмен жұмыскердің табысынан есептелетін міндетті әлеуметтік төлемді төлеуі мақсатында енгізілді:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-20 %;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап-21,5 %;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап-23,8 %;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап-24,8 %;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап-25,8 %;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап-26,3 %.

Бірыңғай төлем ставкасының жыл сайынғы ұлғаюы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының енгізілуіне байланысты, ставканың 2028 жылғы 1,5% – дан 5% – ға дейін кезең-кезеңімен ұлғаюы, сондай-ақ Бірыңғай төлем төлеуші үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым ставкасының 3,2% – дан 4,5% – ға дейін өзгеруіне байланысты.

Бірыңғай төлем мыналарды қамтиды:

·         жеке табыс салығы (ЖТС);

·         Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары;

·         Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) әлеуметтік аударымдар;

·         Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар (ММСҚ) ;

·         Жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары-2024 жылдан бастап енеді.

Бірыңғай төлемді төлеуші есепті айдан кейінгі айдың 25 – күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) банк шотына бірыңғай аударылатын айды көрсете отырып, қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді.

Төлем тапсырмасында Бірыңғай төлемді аудару кезінде төлем тағайындаудың мынадай кодтарын (ТТК) көрсету қажет:

ТТК 185-Бірыңғай төлемді аудару үшін;

ТТК 187-Бірыңғай төлемді уақтылы төлемегені үшін өсімпұл;

ТТК 186-Мемлекеттік корпорацияның төлеушінің өтініші бойынша бірыңғай төлемді қайтаруы;

ТТК 188-төлеушінің өтініші бойынша бірыңғай төлемді уақтылы аудармағаны үшін Мемлекеттік корпорацияның өсімпұлды қайтаруы.

Бірыңғай төлемді Мемлекеттік корпорация салықтың және әлеуметтік төлемдердің төменде көрсетілген үлестері бойынша бөледі:

Жарнаның атауы Жалақының үлесі, % Бірыңғай төлем құрамындағы үлесі, %
ЖТС 1,8 9
МЗТ 10 50
ӘА 3,2 16
МӘМС 3 15
ЖМӘМС 2 10
Жиыны 20 100

Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген.

Бірыңғай төлемді ұстап қалу мен аударудың егжей-тегжейлі мысалдары Еңбекминінің ресми сайтында орналастырылған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз