Қазақстанда жалпы 812 электр көлігі бар

0
157
фото: Pixabay

Қазақстанда электр көліктерінің саны 65% өскен, бірақ мұны санмен алғанда жалпы 800-ден астам ғана, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бұл Қазақстандағы автокөліктердің 0,02%-ы ғана.

Finprom мәліметіне сай биылғы жылдың басында республикада аралас отынмен жүретін 322,4 мың жеңіл автокөлік болған, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,5% артық.

Мұндай автокөліктердің үлесі Қазақстанда тіркелген барлық көліктердің 8,2%-ын құрады.

Тәуелсіз топтардың сынақтары гибридті көліктер зертхана деректерінен гөрі көп жанармай жағатынын бірнеше рет растады. Бұл ретте Қазақстанда электр қуатымен жұмыс істейтін автокөліктер саны бір жылда 65,4% өсті, дегенмен саны бар болған 812 ғана.

Өңірлер бойынша аралас отынмен жүретін жеңіл автокөліктердің басым бөлігі Маңғыстау облысында тіркелген: 74,3 мың автокөлік — бір жыл бұрынғыдан 3,6% артық.

Екінші және үшінші орында Ақтөбе (35,8 мың, 6,4% көбейген) және Түркістан (23,1 мың, 27,7% көбейген) облысы орналасқан.

Мұндай көліктердің ең азы Ұлытау (барлығы 229), Абай (295) және Жетісу (409) облысында тіркелген.

Электр көліктерінің басым бөлігі Алматы тұрғындары арасында тіркелген: былтырғы жылдың басында 43-і ғана болса, қазір олардың саны 420. Екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы: 108. Үздік үштікті Астана жапты: бір жыл бұрынғы 35 көлікпен салыстырғанда қазір 61.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз