Қазақстан ұлттық банкі алтынға инвестиция салдуың тиімді тұстарын түсіндірді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Алтынға инвестиция салу себептері:
дағдарыс пен жоғары инфляция кезеңінде капиталды қорғауға ең тиімді құрал
акциялар немесе валюта нарықтары секілді аса бір ауытқуларға ұшырамайтын өте сенімді актив
жоғары өтімділікке ие
Қазір алтын құймаларды бірқатар екінші деңгейлі банкте, сондай-ақ банктік емес жекелеген пункттерде сатып алуға және кері сатуға болады.
2023 жылғы қаңтар айында жалпы салмағы 79,5 келі 2 364 алтын құйма сатылған.