Қазақстанда шетел валютасына сұраныс төмендеді – Ranking

0
111
фото: Pixabay

2022 жылы айырбастау пунктінде қазақстандықтар арасында танымал АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің таза сатылымы 2,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 22,4% аз, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Айырбастау пунктіндегі шетел валютасын таза сатылымының 1,8 трлн теңгеден астамы АҚШ долларын құраған. Ал 2021 жылмен салыстырғанда сатылым көлемі 10,1% төмендеген. Одан кейін сатылым көлемі 301,9 млрд теңгеге дейін төмендеген еуро тұр. Ресей рублінің таза сатылымы бірден 2,7 есеге дейін қысқарған.

2023 жылдың қаңтарында АҚШ долларының ресми бағамы орташа есеппен 462,6 теңгені құраған. Бұл желтоқсандағыдан 1,1% төмен, бірақ 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 6,7% жоғары.

2023 жылғы қаңтардағы еуроның орташа бағамы 498,8 теңгені құрап, бұл желтоқсандағыдан 0,9% және 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,5% жоғары.

Ресей рублі бір айда 6,7% құлдырап, 2023 жылдың қаңтарында орташа есеппен 6,7 теңгені құрады. Алайда 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17,8% жоғары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз