Рим папасы Франциск респираторлық инфекциямен (ЖРВИ) ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша кейінгі бірнеше күнде Рим папасының тыныс алуында қиындық болған. Алайда, оның коронавирусқа тапсырған тесті теріс болған.
“Бірнеше күндік ауруханалық күтім қажет”, – деп жазған Ватикан.
Бұған дейін 86 жастағы Рим папасы Франциск, егер оның денсаулығы нашарласа, қызметінен кететінін айтқан.