Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

0
39
№ 86 мектеп-гимназиясының оқушылары

Оқу-ағарту министрлігінің болжамы бойынша биылғы жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа келеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

“Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата – анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады”, –дейді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз