1 наурыздағы жағдай бойынша, БЖЗҚ салымшыларының жеке шотындағы зейнетақы жинақтары 15,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ranking–ке сілтеме жасап.
Былтырғы сәйкес уақытпен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі бірден 11,4% немесе 1,5 трлн теңгеге өсті.
Көрсеткіштің өсуі жарналар түріндегі кіріс ағындары есебінен, сондай-ақ инвестициялық кіріс есебінен қалыптасты.
Өңірлер бойынша зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері Алматыда: 2,8 трлн теңге немесе республикадағы жалпы көлемнің 18,5%-ы. Одан кейін Астана: 1,4 трлн теңге. Үздік үштікті Қарағанды облысы жапты: 1,2 трлн теңге.
Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша көш бастаған бес аймаққа Шымкент (1,2 трлн теңге) пен Шығыс Қазақстан облысы (832,5 млрд теңге) да кірді.