Оралу Қоғам Киберқылмыс Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрінің бірі – Finprom

Киберқылмыс Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрінің бірі – Finprom

0
162

Қазақстандағы он интернет алаяқтың жетеуі белгісіз және жазасыз қалып отыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Finprom-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда 2018 жылдан бері алғаш рет интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстар саны азайды. 2022 жылы осындай 20,6 мың құқық бұзушылық тіркелді (3,9% азайған). Келтірілген шығын, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 20 млрд теңгеден асты.

Қылмыстық әрекеттің бұл түрі соңғы жылдары өте қарқынды дамып келеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚС АЕК) есебінде қылмыстың бұл түрі 2018 жылдан бастап бөлек көрсетіле бастады. Сол жылы полицейлер мұндай 517 қылмысты ғана тіркеген. 2019 жылдан бері Қазақстанды интернет-алаяқтық күрт көбейіп, 7,8 мыңға жетті. Пандемия жағдайды одан сайын ушықтырып, 2021 жылы соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш: 21,4 мың осындай құқық бұзушылықтар тіркелді.

2022 жылы аздап төмендегеннен кейін биыл киберқылмыс қайтадан қарқын ала бастады. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында статистика тағы да өсім көрсетті. Алғашқы екі айда құқық қорғау органдары онлайн-алаяқтардан құқық бұзушылық туралы 3,4 мың шағымды қарауға алды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1% артық.

Бір қызығы, интернеттегі меншікке қарсы қылмыстар ашылу деңгейі төмен. Мәселен, былтыр тергеу органдарының өндірісінде болған 22,9 мың қылмыстық істің (мұнда өткен жылғы қозғалған істері ескерілген) 17,2 мың арыз тергеу кезеңінде үзілген. Яғни, он қылмыстық істің жетеуі сотқа жеткізілмеген. Себебі қылмыскер табылмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз