Түркиядағы президент сайлауына үміткер Мұхаррем Инже кандидаттықтан бас тартты: Кімге пайда?

0
55
photo: BBC Turkce / EPA

«Memleket» партиясының төрағасы Мұхаррем Инже президенттік сайлаудан өз кандидатурасын алып тастағаннан кейін, бұл шешім «Республика халық партиясында (РХП)» оң, ал биліктегі партияда кері әсерімен қабылданды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі BBC Turkce-ге сілтеме жасап.

РХП төрағасының орынбасары Энгин Өзкоч Инженің кандидаттықтан бас тартуын кері қадам емес, керісінше «Ұлт» альянсының кандидаты Кемаль Кылычдароглуға қолдау деп жорамалдаған.

Ал қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған Инженің кандидаттықтан бас тартқанына өкініш білдірген.

Айта кетейік, Konda компаниясының сауалнамасы бойынша Кылычдароглуға 49 пайыз, Ердоғанға 43, Оганға 4, Инжеге 2 пайыз халық дауыс береді. Егер кандидаттар осылай дауыс жинайтын болса, сайлау екінші турға жалғасады. Ереже бойынша толыққанды жеңу үшін кандидаттардың біреуі 50 пайыздан астам дауыс жинау керек.

Естеріңізге сала кетейік, 14 мамыр күні Түркияда президент сайлауы өтеді. Сауалнамаға сүйенер болсақ Түркияда 20 жылдай уақыт билікте отырған Режеп Ердоған бұл сайлауда жеңіліске ұшырауы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз