Starlink Қазақстанда қашан қолжетімді болады?

0
168
фото: Видеодан скриншот

Журналист Арманжан Байтасовтың Youtube арнасына сұхбат берген цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Starlink спутнигі туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бағдат Мусиннің айтуы бойынша Илон Масктың интернет жүйесіне қосылып, оны сапалы түрде пайдалану халық арасындағы қате түсінік.

“Starlink – төмен орбиталық спутниктік топтар, ол Қазақстанда өз сервисін ұсынуы үшін Қазақстанның аумағында шлюз станциялары салынуы қажет. Мұнсыз Starlink арқылы интернетке қосыламын деу қате түсінік. Себебі шлюздер болмаса интернеттің сапасы төмен болады”, – дейді министр.

Мусин Starlink-пен келіссөз барысында салыққа байланысты мәселе туындағанын айтты. Себебі заңнамадағы салық кодексіне байланысты Starlink Қазақстанға ешқашан кірмейтінін хабарлаған.

“Бізде келіссөз кезінде салық жағынан мәселелер болды. Сол үшін олар біздің елге өз сервисін ұсынбауы мүмкін еді. Себебі біздің заңнамада жазылған салық есептеулеріміз, төмен орбиталық спутниктік топқа бейімделмеген. Ендігі біз оны түзеттік, бұдан кейін бәрі оларға байланысты. Әрине, олар біздің елге міндетті түрде келеді, Starlink жыл соңына дейін қашан сервисін ұсынатыны жөнінде жауап береді”, – дейді министр Бағдат Мусин.

Министрдің хабарлауынша Қазақстанда тұрғылықты жеріне байланысты интернет жүргізу өте қиын 500-ге жуық ауыл бар.

“Елімізде 6400 ауыл бар, олардың 500-іне интернет жеткізу өте қиын аймақта орналасқан, кейбірінде адам саны азайып бара жатыр. Яғни болашақта бұл ауылдардың кейбірі болмауы мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан біз мұндай елді мекендерге төмен орбиталық спутниктік топтардың көмегімен интернет жүргіземіз”, – дейді Мусин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз