Ресей Норвегия мен Финляндия шекарасына ядролық қаруды тасымалдауға қабілетті ұшақтардың максималды санын орналастырған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.
Ұшақтар Мурманск облысындағы «Оленья» авиабазасында орналасқан. Ұзындығы 3500 м ұшу-қону жолағында екі Ту-160 және Ту-22, 14 бірлік Ту-95, үш Ан-22, Ил-78 жанармай құю ұшағы және үш тікұшақ орналастырылған, деп хабарлайды the Barents Observer.
Оның ішінде Ту-160 және Ту-95, ядролық қаруды тасымалдаушы ұшақтар.
Айта кетейік, кейінгі күндері Ресей ұшақтары Украинаны бомбалау үшін осы «Оленья» авиабазасынан ұшуда.