Пәкістан Ресейден алған мұнайына Қытай юанімен төлем жасады

0
203
фото: kapital.kz

Пәкістан Ресей мұнайына АҚШ долларымен емес, қытай юанімен және жеңілдікпен төлем жасаған. Бұл туралы дүйсенбіде Пәкістанның мемлекеттік мұнай министрі Мусадик Малик Reuters-ке берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

Urals маркалы 100 000 тонна шикі мұнай партиясы, жексенбіде Карачиге, Пәкістан мен Ресей арасындағы жыл басында жасалған айырбастау келісімі бойынша келген.

Малик, мұнайдың бағасы мен Пәкістан алған жеңілдік туралы толық ақпарат бермеген. Ол қазіргі уақытта мұнай контейнерлерін Пәкістан портына түсіру жүріп жатқанын айтты.

Мамыр айында Пәкістанның энергетика министрі Хуррам Дастгир Хан, Пәкістан мұнай үшін доллармен төлем жасады деп мәлімдеген. Алайда, Малик төлем қытай юанімен жасалғанын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз