Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын бір жол бар – экономист

0
252

Танымал экономист, жазушы, публицист Бекнұр Досжан kazaknews.kz берген сұхбатында Қазақстанның экономикасын дамытып, халықтың әл ауқатын жақсартудың жолын айтып берді.

«Менің ойымша алдымен шағын кәсіпкерлікке мән беріп, қолдау көрсету керек. Мәселен, Түркияны шағын кәсіпкерлік ұстап тұр. Екінің бірі саудамен айналысады, шағын кәсібі бар. Ал бізде үлкен компанияларға, олигархтарға көп көмек көрсетеді. Түркияда да бар ондай алпауыт компаниялар бірақ, шағын кәсіпкерлікпен шамалас. Мен көмектесу дегенде субсидияны айтып тұрған жоқпын. Субсидияның жағдайын көріп тұрсыз. Шағын кәсіпкерлікке преференция беру керек. Салығын азайту керек. Тіпті, микро кәсіпкерлерді босатуға да болады. Микро деген айына 200, 300, 400, 500 мың теңге айналым болса, олар өздерін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өздері мен өздері тамағын тауып отыр. Мемлекеттен ештеңе сұрап отырған жоқ. Ондайларға салық салудың қажеті жоқ. Ал шағын кәсіпкерліктегі салық процессі өте қиын. Неше түрлі очет тапсырады, СВ дейді, сақтандыру дейді, анау-мынау. Оларға «белый» жұмыс істеу қиын сияқты көрінеді. Сондықтан менің ойымша салық реформасы болу керек. Үлкен компанияларға салық салуға болады.
Негізі бюджетке үлкен компаниялардың салығынан қаржы келеді. Ал микро компаниялардан анадан бір тиын аласын, мындан бір тиын аласын оған уақыт та, күш те кетеді. Мұндай кәсіптің салығын жинауға шығын көп жұмсалады. Мәселен, жүз миллион жинайтын болсаң, жүз миллион шығын жұмсайсың. Сондықтан, ең алдымен микро және шағын кәсіпкерлікке жеңілдік, еркіндік беру керек деп ойлаймын. Егер біздің осындай шағын кәсіпкерлік күшейсе, ең болмағанда елу пайыздан асса көптеген мүмкіндіктер ашылатын еді. Мәселен, Қытайдағы «Алибаба» шағын кәсіпкерліктен шықты, көліктері де шағын кәсіпкерліктен шықты. Жалпы кез-келген үлкен компания шағыннан бастайды»,-деді Бекнұр Досжан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз