Бүгін таңғы сағат 10.30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында «Самара-Шымкент» автожолынан 1068 шақырым, Қалыбай кенті маңында қозғалыс кезінде «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртке оранды. Салонда 55 жолаушы және 2 жүргізуші болды. Бұл туралы ҚР ІІДМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Медициналық-құтқару пункттері қызметкерлері автобустан шығып үлгерген 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетуде.
Оқиға орнында көз жұмған 52 адамның барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Оқиға орнында полиция бөлімшелері, құтқарушылар, медицина қызметкерлері, психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.