Air Astana, «Қазақстан Темір Жолы», «ҚазМұнайГаз» компаниялары биыл сатылымға шығады

0
91
дереккөзден

Қазақстанның 47 компаниясын 2018 жылы сату жоспарланған. Бұл туралы 18 қаңтарда ҚР Үкіметінде өткен баспасөз отырысы барысында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, жыл басынан бері республиканың Ұлттық қорына жекешелендіруден 7,4 млрд ($22,6 млн) теңге түскен, бұл негізінен республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден түскен қаражат, деп хабарлайды ҚР Үкіметі. 

Жұманғарин инвесторлардың негізгі қызығушылығын «Самұрық Қазына» қорының 47 ірі активі, атап айтқанда «Қазақстан Темiр Жолы», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром», «Самұрық Энерго», «Эйр Астана», «Қазпошта», «Толқын Самұрық» тудырып отырғанын алға тартты.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, күтілетін кірістердің мөлшері 3,5-тен 5,5 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. «Мұнай-газ саласында біз 10 компанияның жекешелендірілуін, теміржол саласында – 1, атом саласында – 4, энергетика саласында 8 компанияның жекешелендірілуін күтеміз, «Эйр Астанадан» өзге азаматтық авиация саласында 4 компанияны сатылымға шығару, қорғаныс саласында – 4, басқа салаларда тағы 5 компания жоспарда бар», – дейді Жұманғарин.

Вице-министр активтерді шетел кеңесшілерін тарту арқылы сатуға дайындық жүріп жатқанын алға тартты.

Өз кезегінде қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов аталған компаниялар арасында шығынға батқандары жоқ екенін атап өтті. Шолпанқұловтың айтуынша, компания инвесторлардың қызығушылығын тудырмаса, жойылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз