Ірі жол апатынан аман қалғандардың есімі белгілі болды

0
115
ҚР ІІМ ТЖК

Бүгін Ақтөбе облысында болған ірі жол апатынан аман қалғандардың есімі анықталды. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 5 адам тірі қалған: олардың екеуі – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, ал қалған үшеуі – Өзбекстан Республикасының азаматы.

ҚР ІІМ ТЖК

Аман қалған азаматтар:

Пернебеков Мақсат – 1985 жылы туған, ОҚО тұрғыны

Искаков Ахрор – 1988 жылы туған, Өзбекстан азаматы

Мирзахмедов Исраилджон – 1980 жылы туған, Өзбекстан азаматы

Қырғызбаев Нұржан – 1968 жылы туған, ОҚО азаматы

Барат Танатаров – 1978 жылы туған.

ҚР ІІМ ТЖК

ҚР ІІМ ТЖК

Барлық зардап шеккендер Ақтөбе ауруханасына жеткізілген. Олардың кейбіреулері термиялық күйіктер алған. Штабта автобус жүргізушілерінің Қазақстан азаматтары екені хабарланды.

Бүгін 18 қаңтарда  таңғы сағат 10.30-дарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында «Самара-Шымкент» автожолынан 1068 шақырым, Қалыбай кенті маңынан 10 шақырым қашықтықта жол қозғалысы кезінде «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Салдарынан 52 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Төтенше жағдайлар бойынша Комитет таратқан ақпарға сәйкес, бес жолаушы отқа оранған автобустан шығып үлгерген. Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, қаза тапқандар арасында Өзбекстан азаматтары бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз