Қысқы Олимпиаданың ашылуында қос Корея бір тудың астында шығады

0
279

Пхенчханда өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қос Корея мемлекеттерінің спортшылары бір тудың (Біріккен Корея) астында бастап шығады, деп хабарлайды Би Би Си агенттігінің орыс редакциясы.

Оңтүстік Кореяда 9-25 ақпан аралығында өтетін Олимпиада ойындарына Солтүстік Кореядан 150-ге жуық спортшы мен 200-ден аса жанкүйер барады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, қос Корея келіссөздер барысында хоккейден ортақ әйелдер командасын құру туралы келісімге келген болатын.

Еске сала кетейік, Оңтүстік пен Солтүстік Корея арасында 9 қаңтарда өткен министрлер деңгейіндегі келіссөздер  соңғы екі жылдағы алғашқы кездесу.

Айта кетерлігі, Олимпиаданың ашылу кезінде екі мемлекет осыған дейін 2000, 2004 жылдардағы Жазғы Олимпиадада және 2006 жылғы Қысқы Олимпиадада бір тудың астында жүріп өткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз