Мемлекет басшысы Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Әңгімелесу алдында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен байланысты өзекті мәселелерді талқылады.