Финляндиялық Nokia компаниясы шығын есебін азайту үшін, 2026 жылдың соңына дейін 9 мыңнан 14 мыңға дейін адамды жұмыстан шығаруды жоспарлаған. Бұл туралы Kazakhnews.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды
Бұл жаңалықты компания шілде мен қыркүйек арасында акцияларының сатылымы 20 пайызға төмендегенін білгеннен кейін жариялады. Сатылымның төмендеуін компания, нарықтағы 5G жабдықтарына сұраныстың азаюынан дейді.
Қазіргі уақытта компанияда әлем бойынша 86 мың шамасында қызметкер жұмыс істейді. Олар, бұған дейін 2015 жылдан бастап мыңдаған жұмыс орнын қысқартқан.
Nokia осылайша өз шығынын, 2026 жылға қарай 800-ден 1,2 миллиард еуроға (695-1 миллиард фунт) дейін қысқартуды жоспарлаған.
«Жасанды интеллект саласында жетістікке жету қомақты инвестицияны қажет етеді», – дейді компанияның атқарушы директоры Пекка Лундмарк.