АҚШ-та Газа секторындағы оқиғаға наразы демонстранттар конгресс ғимаратына басып кірді

0
13
photo: gazeta.ru

Израильдің Газадағы әрекетіне наразы топ Вашингтонда орналасқан АҚШ Конгресі ғимараттарының біріне басып кірді. Kazakhnews.kz бұл туралы Kazinform-ге сілтеме жасап жазады.

Наразылықты “Бейбітшілік үшін еврей үні” солшыл ұйымы ұйымдастырған. Олар өздерін антисионистер және геноцидпен күресушілер деп атап, Израиль мен Газадағы соғысты дереу тоқтатуды талап еткен.

Полиция демонстранттарды ұстап, ғимараттан шығарып жатты. Ұсталғандардың нақты саны белгісіз, бірақ ондаған адам екені анық.

Газа ауруханасында жарылыс болғаннан кейін, әлемдегі көптеген елде наразылық шаралары ұйымдастырылды.

photo: thedailybeast.com

Палестиналықтар мен олардың жақтастары ауруханаға Израиль бомбасы түсті десе, тиісінше Израиль тарабы керісінше оқиғаға «Исламдық жиһад» ұйымының зымыранды сәтсіз іске қосуы себеп болғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Газа секторындағы ауруханаға зымыран түсіп 500-ден астам адам қайтыс болды: Көбісі балалар

Бұл оқиғаға байланысты наразылыққа Иорданияда Израиль елшілігінің алдына бір топ адам жиналса, Бейрутте АҚШ елшілігінің алдына келген. Иордан теңізінің батыс жағалауындағы Хевронда ондаған палестиналық азамат Израиль сарбаздарымен қақтығысып қалды. Наблус пен Рамаллахада да қарсы топ акцияға шықты.

Бағдадта митингіге қатысушылар алаңға жиналып, “жасыл аймаққа”, яғни америка үкіметі отырған жерге кіруге тырысты, бірақ қауіпсіздік күші оларға мүмкіндік бермеді.

Ыстамбұлда ереуілшілер жиыны полициямен қақтығысқа ұласып, 60 адам зардап шекті, тәртіпсіздікті ұйымдастырған бес адам қамауға алынды. Газа ауруханасына соққыдан жүздеген адамның қаза болуына байланысты Түркия билігі үш күндік аза тұту жариялады.

Тегеранда наразы топ Израиль туларын өртеп, Франция мен Ұлыбритания елшілігіне жұмыртқа лақтырды.

Нью-Йоркте бір уақытта Израильді жақтаушылар мен палестиналықтарды қолдаушылар көшеге шықты. Полиция қақтығысты болдырмас үшін оларды екі топқа бөлуге мәжбүр болды.

Еске салайық, 17 қазанда Газа ауруханасына әуеден соққы жасалып, салдарынан жүздеген адам көз жұмды. Кейінгі мәліметке сәйкес, олардың саны 800-ден асты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз