Іс-шара “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қорына қарасты лицейлердің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған. Сайыс, қоғамдық қор мектептерінің “ұстаз-оқушы-ата-ана” алтын үштік ұстанымының жемісі екендігі байқалады.
“Жалпы 30 жылдық тәжірибеде БИЛ ұстаздары мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынас бала тәрбиесі мен оқу үлгеріміне оңтайлы әсер ететініне куә болып жүрміз. Бұл интелектуалды сайыс арқылы мектеп тек балаларымызды ғана емес бізді де жан-жақты дамытуда. Бұл жарысқа дайындалу барысында мектепте бас қосамыз, мұғалімдерімізбен арнайы дайындаламыз” – дейді қатысушы ата-ана.
200-ден астам «Білім-Инновация» лицейінен жасақталған 18 команда ішінен үздік алтауы ақтық сынға жолдама алған. Олар Астана, Қарағанды, Павлодар, Атырау қалалаларынан келді. Әр команда құрамы 6 ата-анадан тұрады. Түрлі дәрежедегі 25 сұраққа жауап берді. Бұл кезеңнен өткен қатысушылар ақшалай сыйлыққа ие болды. Айта кету керек, білім бәсекесінің жалпы жүлде қоры – 600 мың теңге.
“Ата-аналармен қарым қатынас әртүрлі жағдайда орын алады. Бұл интелектуалды жарыстар, спорттық шаралар, ата-аналардың балаларға құндылық сағаттары, балалармен ата-аналар болып сыныппен табиғат аясына пикнитерге шығу, ата-ананың үйіне жақынырақ танысу мақсатында қонаққа бару, қалалар арасы саяхат секілді өтеді. Біз осы шаралардың білім және тәрбие беру жүйесінде көптеп пайдасын көріп жүрміз”, – дейді “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қорының бірінші вице-президенті Ержан Аубакиров.
«Білім-Инновация» ХҚҚ қоғамдық қатынастар жөніндегі вице-президенті Арафат Нұрлақовтың айтуынша, «Brain Rain» интелектуалдық сайысы оқушылардың арасында да өтіп жатады. Бірақ бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – бұның ата-аналар арасында өткізілуі. Өйткені, мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста болуы өте маңызды.