Желтоқсан айынан бастап кейбір Gmail пошталары өшіріледі

0
81

Желтоқсан айынан бастап, Google өз пайдаланушыларының Gmail аккаунтын, пошталарын жаппай жоюға кіріседі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда, әлемдік компания тек белсенді емес аккаунттарды жояды. Сондықтан Gmail-ды ұзақ уақыт пайдаланбаған адамдар өз аккаунтына кіріп, жазбаларын жаңартса, поштасынан жақын адамына бір-екі сөйлемнен тұратын хат-хабар жіберсе, немесе өз аккаунтынан кіріп, YouTube желісінде бейнежазба тамашаласа, жеткілікті.

Қайта қаралған саясатына сәйкес, бұдан былай Google, пайдаланушылардың e-поштада авторизацияланып, хат-хабар жазысуды, Google Drive-ты қолдануды, YouTube желісінде бейнежазбалар қарауды, фотосуреттер алмасуды немесе бағдарламалық қамтылымды, қосымшаларды жүктегенді “белсенділік” деп танитын болады.

Бұған қоса, Google-дың бірнеше аккаунты бір құрылғыда қолданылса, онда оның әрқайсысының белсенділігі де жеке-жеке бағаланатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз