ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жаңабеков мемлекеттік қолдау шараларымен ең көп қамтылған кәсіптерді атады, деп хабарлайды kazaknews.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілінің айтуынша, елімізде қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібіне, азық-түлік өндірісіне, агроөнеркәсіптік кешендерді (АӨК) қайта өңдеуге баса назар аударылып отыр. Мемлекеттік қолдау шараларымен ең көп қамтылған сала осылар.
«Мемлекеттік қолдау шараларымен креативті индустрия жобалары да қамтылған. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында бағдарламаны жетілдіріп жатырмыз. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен біріктіріп, өңдеуші өнеркәсіпке басымдық берілмек», – деді Нұрбол Жаңабеков.