Алматы облысында аш, сөйлеуге және жүруге мұршасы қалмаған 6 жасар бала анықталды

0
65

Алматы облысына қарасты Іле ауданында аштан жүдеу, сөйлеуге және жүруге мұршасы қалмаған 6 жасар бала анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бала жедел түрде “Екі жақты пневмония” диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді. Ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-ана құқықтарын шектеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сонымен қатар, Райымбек ауданында үш баласы ашыққан отбасы бар екені белгілі болды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, қысқы қиім сатып алынды, екі бала жазылған соң балабақшаға, ал үлкені мектеп интернатқа орналастырылатын болады. Ал, Балқаш ауданында үш отбасында өгей әкелер балаларды ұрып-соққаны анықталды, полиция органдарымен кінәлі тұлғаларға қатыcты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.

Жалпы, біріккен рейдтер нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 51 ата-ана тартылды. Рейдті, Алматы облысының полиция департаменті, облыстық прокуратура қызметкерлері және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп “Бақытты және қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған, оның негізгі мақсаты зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған балаларды анықтау.

Нәтижесінде қараша айында 400-ден астам отбасыны тексерді, оның ішінде полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар, тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, сондай-ақ балалар өгей әкелерімен тұратын отбасылар бар. 

Азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді. Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды. Тұрғын-үйге кезекке 152 бала қойылып, 2 отбасыға тұрғын-үй алуға көмек көрсетілді. Балалардың қатысуымен 8 іс-шара өткізілді, прокурорлар мектептерде түрлі тақырыптарда 496 дәріс оқыды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз