БҰҰ Израилге 1967 жылға дейінгі шекарасына өтуге шақырды

0
67
Photo: MFA Qazaqstan

Қазақстан БҰҰ Бас ассамблеясының Израиль шекарасы туралы қарарын қолдады. Қарарға сәйкес, Израиль 1967 жылғы шекарасына оралуы және “алты күндік соғыс” кезінде басып алған Голан шыңын босатуы тиіс.

Құжатқа Қазақстан, Қытай, Ресей және Үндістан секілді 91 ел дауыс берді.Ал, 8 мемлекет (Израиль, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Маршалл аралдары, Микронезия Және Палау) қарсы болды. Тағы 62 мемлекет дауыс беруден қалыс қалды.

Сонымен қатар, БҰҰ “Израильді Сирия мен Ливан бағыттарындағы келіссөздерді қайта қарауға және бұрын жүргізілген келіссөздер барысында келісілген міндеттемелер мен кепілдіктерді құрметтеуге шақырды”.

Сирияға тиесілі Голан шыңын, 1967 жылғы алты күндік соғыс кезінде Израиль басып алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз