Елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы баспасөз брифингінде қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Олардың ішінде 5-еуінің құрылысы келесі жылы басталады. Оқушылар сарайы елорданың барлық ауданында орналасады. Қазіргі уақытта жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңадан ашылатын 5 Оқушылар сарайы қайда орналасады:
– Сарыарқа ауданы, Ақан сері және С-189 көшелері (Земляничная);
– Алматы ауданы, Төлебаев және Бурабай көшелері;
– Байқоңыр ауданы, Тайбурыл және Игілік көшелері;
– Есіл ауданы, Түркістан және Бұқар Жырау көшелері;
– Нұра ауданы, Айтматов және Мұхамедханов көшелері.