Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанға шетелден құны 2,7 млрд долларды құрайтын 136,5 мың автокөлік жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Мемлекеттік кірістер комитеті ақпаратына қарағанда 358,1 миллиард теңге кедендік баж және салықтарға төленген.

Былтыр 1,3 млрд долларды құрайтын сомаға 46,2 мың автокөлік әкелгендер, 183,6 миллиард теңге кедендік баж және салық төлеген.

Кедендік құн бақылауының қорытындысы бойынша қосымша 49,4 миллиард теңге өндірілген (бастапқы сомасы 107,5 миллиард теңге, түзетулерді ескере отырып 156,9 миллиард теңге құрады).

Қазақстанда кедендік рәсімдеу электронды түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен олардың цифрлік қолтаңбасы арқылы тауарларға декларацияны өз бетінше кез келген жерден ұсыну және қол қою мүмкіндігі бар.

Автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым. Импорттаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құнын көлікті сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындар ретінде анықтауға міндетті (көлік шығындары, сақтандыру төлемдері және т.б).

Сондықтан көліктердің кедендік бағасын қабылдау үшін оның құны сенімді, сандық және құжатталған ақпаратқа негізделуі керек.

Құжат ретінде: жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығындары, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, банк аударымы, аукциондық бет және т.б. қолданылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз