Иранның оңтүстігіндегі Керат қаласында болған екі жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты. Ел билігі жарылысты “теракт” деп атады. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.
Жарылыс Иран революция сақшылары корпусының бұрынғы командирі Қасим Сүлейманиді еске алу рәсімі кезінде болған. Сүлеймани 2020 жылғы қаңтардың осы күндері Ирак астанасы Бағдат маңында АҚШ әскері жүргізген әуе операциясы кезінде опат болған.
Бұның алдында өткен Сүлейманиді еске алу шараларына өте көп адам жиналатын. 2020 жылы оны жерлеу рәсімі кезінде кептеліс болып, 56 адам қаза тауып, 200-ден аса адам жарақат алған еді.
Уақытында Иранның ең ықпалды адамдарының бірі болған, Тегеранның сыртқы саясаты архитекторларының бірі саналған Сүлеймани 2020 жылғы 3 қаңтарда Бағдат әуежайы маңында көлікте кетіп бара жатқанда дрон шабуылынан қаза тапқан.