Үйленер алдын болашақ жарыңызға ұсынысты қалай жасайтын едіңіз? Тауда, ерекше мейрамханада немесе су астында? Қалай елестетсеңіз де жапон саяхатшысы Ясуши Такахаши секілді екінің бірі жасай алмайды.
Саяхатшы Такахаши сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасау үшін 6 ай бойы Google Earth және GPS қосымшалары арқылы “Marry me” (қазақша ауд. – маған тұрмысқа шығасың ба?) сөзін өз елінде сапарлап, карта арқылы жазып шығады.
Саяхатшы сүйіктісі Натсукиге үйленуді 2008 жылы қалайды. Алайда ол өз ойындағыдай, яғни дәл осылай ұсынысты GPS шыққанға дейін қалай жасау керегін білмейді.
Кейін ол Жапония аймағында “Marry me” деген жазу шығатындай ерекше карта сызып, жүріп шығуға бел байлайды.
“Бұл мен үшін баға жетпес сыйлық болды. Мен әлемдегі ең ұлы махаббатты сезіне алдым”, – дейді Натсуки ханым South China Morning Post-қа берген сұхбатында.
36 жастағы саяхатшының үйлену ұсынысын жасау үшін сапары Хоккайдо аралынан басталып Кагосима жағалауына дейін алты ай уақытқа созылған. Ол шамамен 7163 шақырым жүріп өтті.