14 қаңтар күні Астана-Көкшетау тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы болып, 9 көлік соқтығысты. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

– Бүгін сағат 11:30-да Көкшетау қаласынан Астана қаласы бағыты бойынша жол қызметі мен ЖПҚ сүйемелдеуімен машиналар колоннасы ұйымдастырылғанына қарамастан 9 автокөлік соқтығысып қалды. Осыған байланысты, құрметті автожол пайдаланушылары, ауа-райының қолайсыздығын назардан тыс қалдырмай және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз, – деп жазылған хабарламада. 

Айта кету керек, жолды тазалау және көктайғаққа қарсы материалдарды себу жұмыстары жалғасып жатыр. Дәл қазір аталған желіге 20 бірлік жол-пайдалану техникасы жұмылдырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз