ҰҚК шекара қызметі боран, көктайғаққа байланысты Самара-Тольятти жолында жүк көліктері үшін шектеу қойылғанын хабарлады.
“Маштаков халықаралық автомобиль өткізу бекетінде жүк көліктерінің Қазақстаннан Ресейге өтуіне шектеу енгізілді. Өткізу шамамен 21 қаңтар күнгі сағат 13.00-ге дейін тоқтатылған. Сондықтан жүргізушілерге балама бағытты таңдауды ұсынамыз. Мемлекеттік шекарадан Ақсай-Елек, Шаған-Теплое, Тасқала-Озинки бекеттерінен өтуге болады”, — деп хабарлады ҰҚК шекара қызметі.