Үшінші қабаттан секірген: Алматыдағы жер сілкінісінен 8 адам зардап шекті

0
34
әлеуметтік желіден

Алматыда жер сілкінісі салдарынан 23 қаңтар сағат 03:00-дегі жағдай бойынша 8 адам зардап шекті. Олардың барлығы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Басқарманың хабарлауынша, тұрғын үйлердің үш адам 2-ші және 3-ші қабаттан секіріп кетіп, жарақат алған. Медициналық тексерістен кейін екі тұрғын амбулаториялық емделуге жіберілді. Ал үшінші науқастың жағдайы ауыр, ол қазір ауруханада жатыр.

Сондай-ақ, үйлерінен жүгіріп шыққан бес адам жарақат алған. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

Еске сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты “СТӘК” ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтарда 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз