Narxoz университеті британдық Queen’s University Belfast университетімен қос диплом бағдарламасы бойынша келісімге отырған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды.

Narxoz университеті мен Ұлыбританиядағы ең көне университеттердің бірі Queen’s University Belfast Лондондағы Bett 2024 халықаралық білім көрмесінің алаңында серіктестік пен қос диплом туралы тарихи келісімге қол қойды.

Құжат Narxoz университетінің Экономика және менеджмент мектебі мен Куинс университетінің бизнес мектебі арасында жасалған келісімдерге негізделген.

1845 жылы Белфастта негізі қаланған Queen’s University Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы әйгілі университеттердің бірі, QS World University Rankings 2024 рейтингінде 202-орынды иеленді.

Queen’s University Belfast.

Университет өзінің атақты түлектерімен, соның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен танымал.

Келісімге Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлыбритания Мемлекеттік хатшысының парламенттік орынбасары Лорд Малкольм Оффорд, сондай-ақ Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Мағжан Ілиясовтың қатысуымен қол қойылды.

«Қазақстан екі елдің университеттері арасындағы білім және ғылым байланыстарын нығайту арқылы Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестікті дамытуды мақсат етіп отыр. Бүгінде Narxoz университетінің 70-тен астам халықаралық серіктесі бар және біз Белфаст Queen’s University және Narxoz арасындағы ынтымақтастықты құптаймыз. Қол қойылған келісім көп жағынан маңызды. Ол біз үшін ынтымақтастықтың басым бағыттарын қамтиды және терең синергияға бағытталған. Жетекші қазақстандық университет әрқашан ең алдымен еліміздің қаржы жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды дайындап келеді, енді Нархоз студенттеріне Ұлыбританияның беделді университетінде білім алып, диплом алудың бірегей мүмкіндіктері ұсынылуда», – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ұлыбритания Қазақстанмен білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге де мүдделі, бұл туралы Нархоз университетімен келісімге қол қоюға қатысқандар атап өтті.

«Жоба іске қосылғаннан кейін бұл үш жылдан аз уақыт ішінде Қазақстанмен байланыс орнатқан үшінші Ұлыбритания университеті болмақ. Бұл білім беру саласындағы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың берік ұстанымы мен тұрақтылығын көрсетеді», – деді лорд Малкольм Оффорд.

Жаңа келісім Narxoz университетінің студенттеріне Белфасттағы Патшайым университетінде және Narxoz экономика және менеджмент мектебінде ағылшын тілінде бірлескен білім беру бағдарламаларында оқу мүмкіндігін береді.

Қос диплом келісіміне қол қою рәсімі.

«Келісімге қол қоюмен Narxoz университетінің өмірінде және жалпы Қазақстанның жоғары білім беру саласында жаңа тарау ашылды. Narxoz Қазақстан мен Орталық Азиядағы Queen’s University Belfast-пен институционалдық серіктестік орнатқан алғашқы университет болды. Бұл элиталық университет Ұлыбританияның 24 жетекші университетінен тұратын Russell Group құрамына кіреді. Америкалық IVY лигасына ұқсатар болсақ, Russell университеттері студенттерге ең жақсы білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерге ең жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Ал олардың түлектері халықаралық компанияларда, үкіметте және мемлекеттік секторда жоғары лауазымдар иеленеді», – деді Narxoz университетінің президенті Мирас Дәуленов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз