Енді еліміздегі мұғалімдер оқулықты өздері таңдауы мүмкін, деп хабарлайды kazaknews тілшісі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.
Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Жаңа жүйені Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген.
Еtandau.gov.kz электронды платформасы тек мұғалімдерге, мектеп директорларына, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, кітапханашылар мен білім бөлімдеріне арналған.
Платформа әр мұғалімге өзі дұрыс деп таныған оқулықты таңдауға мүмкіндік береді. Платформа қазір сынақтан өтіп жатыр.
Пилоттық жобаға Астана қаласы мен Қостанай облысының 20 мектебі қатысып жатыр.