Тәжікстан және Араб лигасы елдері Бірлескен іскерлік кеңес құруға ниетті.
Аталған шешім Тәжікстан Сауда-өндірістік палатасы төрағасы Шариф Саид пен Араб лигасы елдері Араб экономикалық тобы Кеңесі бас хатшысымен 23 қаңтар Душанбеде өткен кездесу барысында қабылданды, деп жазады ent.tj.
Кездесу барысында Араб елдері жекеменшік секторы өкілдерінің гидроэнергетикалық жобаларды іске асыруға және қаржыландыруға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
Мұхаммед Мұхаммед Әл Рабиа мен Ахмед Әл Судаин Тәжікстанның жеке секторымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықты растады.
Тараптар жақын арада Тәжікстан СӨП (сауда-өндірістік палатасы) және Араб лигасы елдері Араб экономикалық тобы Кеңесімен Бірлескен кеңес құру туралы келісімге қол қоюға ниетті.