Қазақстан төрағалығымен БҰҰ ҚК Сомали мәселесін талқылады

0
75

Қазақстан төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінде Сомали мәселесін талқылаған отырыс өтті.

Негізгі баяндамашылар – Сомалидегі Бас хатшының арнайы уәкілі Майкл Китинг және Африкалық одақ Комиссарының бас уәкілі Франциско Мадейра.

Спикерлер Сомалидің жаңа федералдық билік органдарының халықаралық қоғамдастықтың көмегімен қол жеткізген жетістіктері туралы хабардар етті, деп мәлімдейді СІМ баспасөз қызметі.

Бар қиындықтарға қарамастан, қаржылық реформаны, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықтың әртүрлі бөлігін саяси үрдіске тартуды, қақтығысты шешуді және қауіпсіздік секторын реформалауды көздейтін ұлттық күн тәртібі әзірленді.

Бұдан өзге спикерлер «Аш-Шабаб» лаңкестік тобы елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіріп, бейбітшілік пен мемлекеттілікті нығайту процесінде мәселе тудырып келе жатқандарын ерекше атап өтті. Сомалиліктер әлі күнге дейін бірқатар күрделі саяси және гуманитарлық проблемалар, сондай-ақ елеулі қауіпсіздік проблемаларымен жиі соқтығысатындары аталды. Осыған байланысты баяндамашылар Африка одағының, ұлттық қауіпсіздік күштерінің және Сомалидегі халықаралық серіктестердің миссиясының оң рөлін атап өтті.

Арнайы уәкілдер сондай-ақ Кеңесте Сомали өткен жылы аштықтың алдын алғанынан хабар берді. Қазіргі кезде құрғақшылық салдарынан елдегі гуманитарлық жағдайдың нашарлап тұрғаны айтылды.

Брифингтен кейінгі мәлімдемеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері ұлттық қауіпсіздік мәселесінің жүзеге асырылуын жеделдету және Сомалидегі Африка одағы миссиясы жауапкершілігінің  елдегі ұлттық қауіпсіздік күштеріне біртіндеп көшу маңыздылығын растады.

Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров Кеңес мүшелерімен қатар Сомалидің қауіпсіздік, экономикалық және саяси реформаларына бейілділігін құптап, Сомали билігін федерация субъектілерімен негізгі мәселелерде атап айтқанда, конституциялық шолу, сайлау, қаржы федерализмі, билік пен ресурстарды анықтауда жоғары деңгейде келіссөздер құруға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз