Оңтүстік Кореяда ауруханадағы өрт салдарынан 41 адам көз жұмды

0
113

Оңтүстік Кореяда ауруханадағы өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 41 адамға жетті. 79 адам түрлі дене жарақаттарын алған болса, 9 адам ауыр халде,  деп хабарлайды Оңтүстік Кореялық Ренхап агенттігі.

Өрт сейсенбі күні Мильян қаласының Кёнсан-Намдо провинциясында Седжон королдің атындағы ауруханада күндізгі сағат 12:50 шамасында басталды. Бес қабатты аурухананың бірінші қабатында басталған өртті сөндіруге шамамен екі сағаттан аса уақыт кеткен.

Оқиға кезінде ауруханада 111 науқас пен аурухана қызметкерлері болды.

Ел Президенті қайғылы жағдайға байланысты төтенше кездесу ұйымдастырып, осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында ұтымды шаралар қабылдауды талап етті.

Агенттіктің мәліметінше, қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз